Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Тыныс» АҚ негізгі қызметі бойынша кейбір интернет-ресурстардағы дұрыс емес ақпаратқа қатысты

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (бұдан әрі - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ) «Тыныс» АҚ-тың негізгі қызметіне байланысты бірқатар интернет-басылымдарда орналастырылатын дұрыс емес ақпаратты жоққа шығарғысы келді.

Интернет-басылымдардың бірі «Тыныс» АҚ-тың қызметі бойынша дұрыс емес деректерді қамтитын бейне мақала жариялады, осылайша жұртшылықта «Тыныс» АҚ басқа елдерді әскери өніммен қамтамасыз ететін әскери зауыт болып табылады деген пікірді қалыптастыра отырып, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ акционері «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ болып табылатыны жайлы жалған ақпаратты таратты.

Біріншіден, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылды, оның жалғыз акционері ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады. Компания акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді. Осылайша, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес ұйымы болып табылмайтынын атап өтеміз.

Екіншіден, «Тыныс» АҚ көп бейінді, көпжылдық тәжірибесі бар дамушы кәсіпорын болып табылады. «Тыныс» АҚ әскери зауыт болып табылмайды. 50 жылдық тарихында «Тыныс» АҚ ешқашан экспортқа арнайы қорғаныс құралдарын (оқ өтпейтін жилеттер), әскери техниканы немесе қару-жарақты жеткізбеген.

«Тыныс» АҚ негізгі қызметі азаматтық өнім өндіруге бағытталған.
2005 жылы «Тыныс» АҚ неміс өндірушісі Krauss Maffei жабдықтарында диаметрі 10-нан 250 мм-ге дейінгі полиэтилен құбырларын өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асырды. Осыдан кейін 2009-2010 жылдары диаметрі 110-нан 1000 мм-ге дейінгі полиэтилен құбырларын шығаратын жаңа желілер іске қосылды 

Бұдан басқа, 2013 жылы «Тыныс» АҚ өндірістік қуаты жылына 1000 тоннаға дейін газдандырылатын модельдерді құю өндірісін игеру бойынша инвестициялық жобаны іске асырды. 

 «Тыныс» АҚ сондай-ақ өкпені жасанды желдетудің мобильді аппараттарын (ӨЖЖ), электр жетегі бар мүгедектер арбаларын, ОП және ОУ өрт сөндіргіштерін, резеңке-техникалық бұйымдарды, теміржол көлігі үшін байланыс желісінің бөлшектерін өндіруге, сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды өндіруге маманданған.

ҚР Үкіметінің қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салуына байланысты «Тыныс» АҚ та, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрылымының қандай да бір кәсіпорны да қару-жарақ пен әскери техниканы экспортқа бермейді.

Бізде бұл компанияны Украинаның санкциялар тізіміне енгізуге қатысты мәселе бойынша ресми ақпарат жоқ.

Сонымен қатар, Үкіметтің Жекешелендіру жөніндегі қаулысын орындау шеңберінде 2023 жылғы 10 мамырда «Тыныс» АҚ-тың 100% жай акциялар пакеті Мемлекеттік мүлік Тізілімінің www.gosreestr.kz Веб-порталында электрондық конкурс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының азаматына сатылды. 

«Қазақстан инжиниринг» АҚ «КАМАЗ Инжиниринг» акцияларына иелік етпейді.

БАҚ, интернет басылым өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар мен блогерлердің қоғамдық топтарын жариялау алдында кез келген ақпаратты тексеруге, барлық тараптардың ұстанымын нақтылауға шақырамыз. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басшылығы жалған ақпарат орналастыратын адамдарға қатысты өзінің іскерлік беделін қорғау бойынша сотқа жүгіну құқығын өзіне қалдырады.

Барлық туындаған мәселелер бойынша «Қазақстан инжинирингіне» ke@ke.kz электрондық поштасы арқылы немесе тікелей басқарма төрағасына t.abdrakhmanov@ke.kz поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Кері қайту