Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
А.А. Султангареевті зейнеткерлік демалысына шығарып салу

«Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобында «Тыныс» АҚ Бас директорының Бірінші орынбасары – техникалық директоры Султангареев Анвар Александровичті зейнеткерлік демалысына шығарып салды.

А. А. Султангареевтің машина жасау саласындағы жалпы еңбек өтілі 41 жылды құрады.

Анвар Александрович 22 жылдан астам уақыт бойы «Тыныс» АҚ-та жұмыс істеді, онда өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ете отырып, кәсіпорынның техникалық саясатын айқындап, табысты іске асырды, сондай-ақ кәсіпорынды қайта құру және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге басшылық етті.

Сонымен қатар, ол жақын және алыс шет мемлекеттермен серіктестік байланыс орнату арқылы отандық өнімді әлемдік нарыққа жылжыту бойынша белсенді жұмыс жүргізді. 

Мінсіз және жемісті жұмысы үшін 2018 жылы «Құрметті машина жасаушы» медалімен марапатталған.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Анвар Александровичке Қазақстан Республикасының компаниялар тобы мен машина жасау кешенін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі мен күш-жігері үшін алғыс білдіреді.

Кері қайту