Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобы мен ҚӨК кәсіпорындары арасында «2023 Көрме-Спартакиадасы» өтті

Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде 2023 жылғы 15-16 қыркүйекте «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың 20 жылдығына арналған «2023 ҚӨК кәсіпорындарының Көрме-Спартакиадасы» өтті.

Әрбір қатысушы команда өз өнімдерін көрмеге ұсынып, зауыт ұжымдары бір-бірінің өндіретін өнімдерімен таныса алды.

Сондай-ақ, Көрме-Спартакиадаға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев келіп, спорттық жарыстарға қатысушы ұжымдар алдында сөз сөйлеп, оның барысында қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары арасындағы байланысты нығайтуда осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы және Қазақстанның алты дүркін рекордшысы Сергей Цырульников барлық ұжымдарға табысты ойын тіледі.

Сонымен қатар, барлық қызметкерлер футбол, волейбол, жеңіл атлетика, шахмат, үстел теннисі, аркан тарту және асық ату сияқты түрлі спорт түрлеріне қатыса алды.

Футболдан жарыста 1 орынды «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ қызметкерлері, 2 орынды «С.М. Киров атындағы зауыт» командасының өкілдері иеленді. 3 орынды «Тыныс» АҚ қызметкерлері жеңіп алды.

Волейбол жарысында «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ алтын медаль жеңіп алды. «811-ҚИ автожөндеу зауыты» АҚ қызметкерлері «күміспен» марапатталды. «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС қызметкерлеріне «қола» берілді.

Шахматта 1 орынды «Қазарнаулыэкспорт» ШЖҚ РМК қызметкерлері иеленді, ал «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ және «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ 2 және 3 орындарда орналасты.

Теннистен жарыста 1 орынды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің командасы алса, 2 орынды «Зенит» Орал зауыты» АҚ, 3 орынды «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС иеленді.

Жеңіл атлетикада марапаттар бірнеше санатқа бөлініп, сәйкесінше 60, 100, 400 және эстафета болды.

60 метр қашықтықта «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС өзін ерекше танытты, ал 2 орынды «Тыныс» АҚ, 3 орынды «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС иеленді.

100 метрге жүгіру әйелдерге арналған, ерлерге арналған деп бөлінді. Әйелдер арасында «алтынды» «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ алды. «Күмісті» «ҚИ 811автожөндеу зауыты» АҚ алды, ал «қоланы» - «ПАМЗ» АҚ иеленді.

Ерлер арасында 100 метрге жүгіруде 1 орынды «Тыныс» АҚ, 2 орынды «Семей Инжиниринг» АҚ, 3 орынды «ASTANA MPR PROJECT» ЖШС иеленді.

Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде орындар осылайша бөлінді:

1 орын – «ҚАИ» ЖШС;

2 орын – «№405 авиажөндеу зауыты» АҚ;

3 орын – «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ.

Әйелдер арасында 400 метрге жүгіру нәтижелері осылай ерекшеленді:

1 орын – «Қазтехнология» АҚ;

2 орын – «ASTANA MPR PROJECT» ЖШС;

3 орын – «Тыныс» АҚ.

Эстафетада «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ командасы өзін ерекше көрсетіп, 1-ші орынды иеленді. Екінші орынды «Тыныс» АҚ жеңіп алды. Үшінші орынды «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС иеленді.

Негізгі тәртіптерден басқа арқан тарту және асық ату сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар да өткізілді.

Аркан тартуда орындар осылайша бөлінді:

1 орын – «ҚАИ» ЖШС

2 орын – «Тыныс» АҚ

3 орын – «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС.

Асық атуда «алтынды» «Семей Инжиниринг» АҚ иеленді. «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ «күмісті», ал «қоланы» «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС алды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ командалық рух пен серіктестікті Компания қызметкерлері арасында ғана емес, ҚӨК ұйымдарының әріптестерімен де нығайта отырып, ұжымда бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлетінін айта кету керек.Сонымен қатар Компания әртүрлі спорттық-бұқаралық іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді қажет деп санайды.

Кері қайту